№33 Н.Шойынбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі 1965 жылы Киров атындағы бастауыш сынып мектебі болған. Кейіннен ауа райының қолайсыздығынан қыста қалың қар басып, көктемде лай, батпақ, Қызылту мен Қарасу ара қашықтығы 6-7км болуына байланысты окушылар апталап мектепке бармай қалуына байланысты «Победа» колхозы кажеттілікке байланысты ауылдың қазіргі мешітінің орнында 4 жылдық мектеп болды. «Қызыл-ту сегіз жылдық типтік мектеп салынды. Онда 4 сынып бөлмесі, 1 мұғалімдер бөлмесі, 1 директор бөлмесі, кітапхана мен шеберхана болды. 1965-1966 оку жылында пайдалануға беріліп, алғашқы мектеп директоры Төлеуов, аталған мектепте Сайрам аудандық білім беру бөлімінің 12.08.1966 жылы шыққан №160 бұйрығымен А.Хыдыров директор болып, 1992 жылдың шілде айына дейін жұмыс жасаған.
Сайрам аудандық оқу бөлімінің 01.07.1992 жылы №192 бұйрығымен Ж.Жұмабаев Қызыл-ту орталау мектебіне директор болды. 1994 жылдың тамыз айына дейін жұмыс жасаған.
Сайрам аудандық халыққа білім беру бөлімінің No190 бұйрығымен 08.08.1994 жылдан бастап, 2004 оқу жылының тамыз айына дейін О.Мәліков директор қызметін атқарған.
1996 жыл 24 қазанда Қазақстан Республика Президенті жарлығымен Нұржан Шойынбаев «Ерлігі үшін» медалімен марапатталады және Республика Үкіметінің 1998 жылы №1360 Қаулысымен Сайрам ауданындағы Қызыл-ту мектебіне оның есімі (№33 Н.Шойынбаев атындағы орталау мектебі атауы) берілді.
2004-2005 оку жылының басында Н.Шойынбаев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебінің директоры Ә. Байназаров болған.
Сайрам аудандық білім беру бөлімінің No104 бұйрығымен 08.09.2005 жылы А.Кулимбетова (А.Суранчиева болып өзгертілген) Н.Шойынбаев атындағы жалпы орта мектебін 2023 жылдың тамыз айына дейін директорлық қызмет атқарды.
2014 жылдан бастап №33 Н.Шойынбаев атындағы жалпы орта мектебі болып өзгертілді.
2023 жылы №33 Н.Шойынбаев атындағы жалпы орта мектебі, №33 Н.Шойынбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі болып өзгертілді.
2023 жылдың тамыз айынан бастап К.Камбарова директордың міндетін уақытша атқарушы қызметін 2024 жылдың тамызына дейін жұмыс жасады.
Сайрам ауданының білім бөлімінің 10.09.2024 жылғы №448 ж/қ 2024 жылдын 10 қыркүйек айынан бастап қазіргі танда Бектасов Жомарт Кульчимбекович директор қызметін атқаруда.